+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Алматы әкімі Арыс қаласындағы үйлердің сапасын тексерді

2019 жылғы 1 қазан 14:55
Бөлісіңіз:
Алматы әкімі Арыс қаласындағы үйлердің сапасын тексерді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бақытжан Сағынтаев Алматының бюджеті есебінен салынған үйлердің сапасын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетаудағы «сақалды» құрылысқа айналған оқыту-тәрбиелеу кешені келер жылы пайдалануға беріледі Ордабасы ауданында жолдардың сапасына мониторингтік бақылау жүргізілді Алматы жалпықалалық дизайн кодқа қашан өтеді

Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Ол ең алдымен Арыс қаласында қайта қалпына келтірілген үйлердің сапасын тексерді.



Еске салсақ, қала 24 маусымда болған жарылыс салдарынан айтарлықтай зардап шеккен еді. Бүкіл ел болып жұмылып, қала қалпына келтірілді. Ол үшін облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар саны бойынша Арысты 17 секторға бөлді. Алматыға №14 сектор берілді.

Оңтүстік астананың жауапкершілік аймағында қалпына келтіруді қажет ететін 531 үй анықталды. Оның 503-і қайта қалпына келтіріліп, күрделі жөндеуден өтті. 28 баспана жаңадан салынды.

Алматы секторында құрамында 300 құрылысшысы бар бес құрылыс компаниясы жұмыс істеді.

Айта кетейік, 24 маусымда Түркістан облысының Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімдегі оқ-дәрілер қоймасында жарылыс болды. Жарылыстарда 3 адам - Арыс қаласының тұрғыны және екі әскери қызметкер қаза тапты.

Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT