+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Алматы әкімі апаттан зардап шеккендерге барлық  қажетті медкөмек көрсетуді тапсырды

2021 жылғы 13 наурыз 20:12
Бөлісіңіз:
Алматы әкімі апаттан зардап шеккендерге барлық  қажетті медкөмек көрсетуді тапсырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бақытжан Сағынтаев ұшақ апатынан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда екі көлік соғылып, 3 адам ауруханаға түсті Қор нарығында теңге бағамы нығайды Алматыда бір тәулікте 6 мыңнан астам адам вакцина алды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың әуежайында болған АН-26 ұшағы құлаған жерге барды.

Қала басшысы Twitter аккаунтында жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

«АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге бардым. Тиісті қызмет өкілдеріне болған оқиғаның салдарын жоюды тапсырдым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - деп жазды Б. Сағынтаев.

Еске салсақ, бүгін Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшырады.

Ұшақта болған 4 адам қаза тапты. 2 адам түрлі жарақаттармен Алматы қаласының 4-қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT