Алматы әкімі алдағы жылы 16 желтоқсанда қалада болуға уәде берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі туған күнінде қалада болғысы келмейтіндігін айтты. Бұл туралы ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлім етті.

Брифинг барысында тілшілер тарапынан: «Ахметжан Смағұлұлы, сіз 2008 жылдан бері Алматыға әкім болып келе жатырсыз. Содан бері Тәуелсіздік күні жеті мәрте тойланды, бірақ сіз 16 желтоқсанда Тәуелсіздік монументіне бірде-бір рет гүл шоқтарын қоймапсыз. Әлде 15 желтоқсан сіздің туған күніңіз болғандықтан, осыған қандай да бір байланыс бар ма?» деген сауал қойылды.

Өз кезегінде А. Есімов 15 желтоқсанда қалада болғысы келмейтінін айта келе, «осы күні сыртқа шығып кетемін. Басқаша ешқандай әңгіме жоқ. Тәуелсіздіктің арқасында бәріне жетіп отырмыз. Тәуелсіздік туралы көп айтуға болады. Бірақ та, келесі жылы туған күнімде болмасам да, 16 желтоқсанда міндетті түрде қалада боламын», - деп жауап қайырды шаһар басшысы.

Соңғы жаңалықтар