Алматы әкімі А.Есімов Пәкістаннан келген делегацияны қабылдады

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Пәкістан Ислам Республикасынан келген делегацияны қабылдады. Делегацияны Пәкістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шаукат Али Мукадам бастап келді.

«Алматы - Қазақстанның ең ірі қаржылық орталығы. Мұнда инвесторлардың қаржы салуына барлық жағдай жасалған. Сондықтан, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынасты бақылай отырып, тауар айналымының одан да нығая түсетініне сенімім мол»,- деді Ахметжан Есімов.

Кездесу барысында әкім Пәкістан мен мен Алматы қаласы арасындағы тауар айналымы 11 млн. АҚШ долларын құрағандығын айтты.

Сондай-ақ, шаһар басшысы Алатау ауданындағы «Алатау» ПИТ арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылып жатқан негізгі жобалар жайлы да баяндап өтті.

Өз кезегінде пәкістандық дипломат Шаукат Али Мукадам Алматы қаласындағы Кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастықты арттыруға ниет білдіріп отырғандығын жеткізді. Оның айтуынша, фармацевтика, денсаулық сақтау, туризм салалары Пәкістан тарабының қызығушылығын тудырып отыр.

Соңғы жаңалықтар