Алматы әкімі №2 автопаркті лицензиясынан айыруды тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ахметжан Есімов №2 автопаркке қатысты қатаң жаза қолдануды тапсырды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін өткен аппарат жиыны барысында Ахметжан Есімов профильді құрылым басшыларына «Қазақфильм» шағын ауданында болған жол-көлік оқиғасының жай-жапсарын анықтауды тапсырды.

Қала басшысына құзырлы органдар баяндағандай, апат №2 автопаркке тиесілі көліктің техникалық ақауының салдарынан орын алған.

Бұл нұсқа нақтыланған жағдайда қала басшысы автопарктен аталған бағытты тартып алып, қатаң жаза қолдануға, тіпті лицензиясынан айыруға тапсырма берді.

Сондай-ақ, әкім қалалық Денсаулық сақтау басқармасына апаттан жапа шеккен азаматтардың денсаулығын қатаң бақылауға алуды бұйырды.

Жол апаты Бостандық ауданында «Қазақфильм» шағын ауданында орын алған болатын. №32 бағыттағы автобус жолында тұрған 8 автокөлік пен қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 көлікті сүріп кеткен болатын. Салдарынан 1 жаяу жүргінші, автобус жүргізушісі мен 7 жолаушы жапа шекті. Қалалық ІІД аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғады.

Автобус жүргізушісінің айтуынша, дәл сол уақытта көліктің тежегіші істен шыққан көрінеді.

Соңғы жаңалықтар