Алматы әкімдігінің уәдесі: Бүгін кешке дейін жолдар қардан тазаланады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылықтар үйлеріне қардан тазартылған жолмен қайтатын болады. Бұл жайында Алматы қалалық табиғи ресрустар басқармасының жетекшісі Эльдар Келдібаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қорқынышты ештеңе бола қойған жоқ. Әдеттегідей қар жауып тұр, уақыты келді», - деді ол.

Оның айтуынша, түнгі бірде басталып, тағы 6-ға дейін үзбей жауған қар коммуналдық шаруашылықтарға қиындық туындатуда.

«Қар нормаға сәйкес 5 сантиметр түскенде біз алғашқы сеппе жасадық. Одан кейін сағат 3-те сыпырып шықтық. Өйткені, жолдарды тағы қар басып қалды. Осыдан кейін біз тағы да сеппе жасап, таңғы 6-да тазалап алдық», - деді басқарма жетекшісі.

Оның атап өтуінше, жолдардағы ми батпақ қар мен геагенттердің араласуынан пайда болған.

«Қар өзінің жабысқақтығын жоғалтып, лайлана бастады. Одан қорқу қажет емес. Көктайғақ жоқ, дөңгелек тежегіші жол бойында жақсы ұстайды. 18-00-ге қарай қардың жаууы тиылады деп күтілуде және біз барлығы да үйлеріне таза жолмен бара алатын болады деп нық сеніммен айта аламыз», - деді Келдібаев.

Соңғы жаңалықтар