Алматы әкімдігінің құрылымына өзгерістер енгізілді
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, осыған қарай әлеуметтік әл-ауқат басқармасы одан еңбек инспекциясы басқармасын бөлу арқылы қайта құрылды;
- стратегия және бюджет басқармасы қаржы басқармасы мен экономика басқармасына бөліну арқылы қайта құрылды;
- креативті индустриялар басқармасы жастармен жұмыс жөніндегі функцияларды кеңейте отырып, жастар саясаты басқармасы болып қайта құрылды;
- энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы болып қайта аталды;
- тұрғын үй саясаты басқармасы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы болып өзгертілді;
- жасыл экономика басқармасы экология және қоршаған орта басқармасы болып қайта аталды;
- жайлы қалалық орта басқармасы – құрылыс басқармасы болып өзгертілді;
- қоғамдық денсаулық басқармасы – қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы болып қайта аталды.