+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Алматы әкімдігінің ақылы тұрақ жүйесіндегі 30 пайыздық үлесі не болмақ

2018 жылғы 27 қараша 17:48
Бөлісіңіз:
Алматы әкімдігінің ақылы тұрақ жүйесіндегі 30 пайыздық үлесі не болмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық қаржы басқармасы Алматы әкімдігінің «АлматыСпецТехПаркинг» ЖШС-ндағы 30%-дық мемлекеттік үлесі сатылады деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарманың хабарлауынша, ҚР Үкіметінің №1141 қаулысымен бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру кешенді жоспар бойынша Алматыдағы 40 коммуналды кәсіпорын жекеменшікке берілуі тиіс еді.

Алматы әкімдігі бірқатар кәсіпорынның қаланың коммуналдық шаруашылығында маңызы өте жоғары екенін ескере отырып, биліктің «Алматы спецтехпаркинг Алматы» ЖШС-ндағы 30 пайыздық үлесін сатуды 2020 жылға қалдыруды ұсынған болатын.

Олардың ішінде «Ескі үй» бағдарламасының операторлары «Капиталды құрылыс кәсіпорны» мен «Алматы тұрғын үй» кәсіпорындары бар.

Үкімет әкімдіктің «Капиталды құрылыс кәсіпорны» мен «Алматы тұрғын үй» кәсіпорындарын 2020 жылға дейінгі жекешелендіру жоспарынан алып тастау туралы ұсынысын қанағаттандырды.

«Дегенмен Үкімет «Алматы спецтехпаркинг Алматы» ЖШС-ндағы 30%-дық үлесті сатуды кейінге қалдыру ұсынысын қабылдамады. Соған байланысты қаржы басқармасы 31 қазанда 2 айға сенімді басқаруға беру үшін тендер өткізген болатын»,- деді басқармадан.

«Мемреестр» порталында белгілі болғандай, бұл мемлекеттік үлесті 75,9 млн теңгеге бір ұйым сатып алған.

Қалалық прокуратура аталған мәміленің заңдылығына күмән келтірді. Сол себепті, тендер мәмілесінің заңдылығы сот арқылы қаралатын болады.

Мұның алдында қалалық әкімдік Алматы әкімдігі қала басшысы Бауыржан Байбектің АParking компаниясына қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарған болатын. Әкімдік Аparking компаниясының 70%-ы - жекеменшік инвесторға тиесілі болса, 30% - мемлекеттік меншікте екендігін айтты.

Фото: liter.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT