Алматы әкімдігінде «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші неге қоршауға алынғанын түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші неге қоршауға алынғанын түсіндірді.

Қалалық Мәдениет басқармасының басшысының міндетін орындаушы Ерболат Әуезов ҚазАқпарат агенттігінің арнайы сауалына жауап берді. «Ескерткіш орнатылғалы бері мәдени нысанға арнайы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Салдарынан постаменттің гранит тақтайшалары сынып, бір-бірінен ажырағандықтан, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс 25 қарашада аяқталады», - деді Ерболат Әуезов. Айта кету керек, Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші 2006 жылы орнатылды. Жұмыстың авторы - Қазақстан дизайнерлер одағының төрағасы Тимур Сүлейменов. Аталған ескерткіш қазанның айының соңында қоршауға алынған болатын. Қоршау ішінде екі аптадай жұмыс жүргізілген жоқ. Қазір ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар