Алматы әкімдігінде кинематографшыларға қолдау көрсететін орган құрылуы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кинематографшыларға қолғабыс ету мақсатында Алматы әкімдігі жанынан арнайы орган құрылуы мүмкін. Almaty Film Comission-ның қызметі туралы алда өтетін халықаралық кинофестивальға арналған баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15-19 қыркүйек аралығында Алматыда алғаш рет Almaty Film Festival халықаралық шарасы өтеді. Форум аясында үздік 30 фильм көрсетілетіні жоспарланған. Сондай-ақ қазақстандық режиссерлерге арналған сценарийлер байқауы, белгілі қонақтардың шеберлік сабақтары, қазақстандық кинематографшылардың шетелдік әріптестермен ынтымақтастығын талқылауға арналған бизнес-форумдар өтеді.

Almaty Film Festival шарасының бас продюсері Ернар Құрмашевтің айтуынша, қазір отандық киноиндустрияда серпіліс байқалуда және бұл сәтті өткізіп алмау маңызды.

«Дәл қазір Алматы қаласының әкімдігімен бірге кинофестивальді ұйымдастырумен қоса, Almaty Film Comission-ды құру бойынша келіссөздер жүргізудеміз. Кинопродюссерлер әрдайым әкімдікке көмек сұрап жүгінеді - түсірілімдер үшін жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктері қажет, кей жағдайларда кино түсіру үшін көшелерді жабуға тура келеді. Сондай-ақ белгілі бір жерлерді түсіру үшін әкімдіктен рұқсат керек. Қазір әкімдік бізге қолдау көрсетіп отыр. Almaty Film Comission - бұл халықаралық тәжірибе. Ол барлық кинематографшыларға, соның ішінде шетелдік әріптестерге ресурстармен көмек көрсететін әкімдік жанындағы орган болады. Жалпы бұл отандық киноиндустрияның ілгері жылжуына мүмкіндік беретін құрал болмақ», - деді Almaty Film Festival бас продюсері Ернар Құрмашев.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар