+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Алматы әкімдігі жұмысшылардың ереуіліне қатысты түсінік берді

2019 жылғы 14 қазан 23:40
Бөлісіңіз:
Алматы әкімдігі жұмысшылардың ереуіліне қатысты түсінік берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімдігі ереуілге шыққан жұмысшыларға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы қалалық мобильді басқармасының хабарлауынша, мәселе Рысқұлов даңғылы мен Емцова көшесінің қиылысында жол айырығын салып жатыр «Рязанов атындағы № 25 Мостостроительный» ЖШС жайында болып отыр.

Мердігердің айтуынша, қазіргі уақытта олардың жұмысшыларға берешегі бар. Тапсырыс беруші тарапынан (Алматы қалалық мобильді басқармасы) нақты орындалған жұмыс үшін төлем толығымен төленді және мердігер алдында қарызы жоқ.

Сонымен қатар, бүгін Алматы әкімдігінің Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшылары жұмысшылармен кездесіп оларға еңбек заңнамасы бойынша ақпарат берді.

«Рысқұлов пен Емцов көшесінің қиылысындағы көпір құрылысын «Рязанов атындағы № 25 Мостостроительный» ЖШС жүргізуде. Серіктестік 32 жұмысшыға жалақы төлемей отыр. Олардың берешегі 18,3 млн теңгені құрады. Қарыз мерзімі 2018 жылдың қарашасынан 2019 жылдың мамырына дейін. Осы факті бойынша Алматы облысының еңбек инспекциясы жоспардан тыс тексеру жүргізді. Жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұзушылықтарды жою туралы ескерту берілді. Алайда бүгінг күнге дейін талаптар орындалмай отыр. Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына ҚР ҚК-нің 152-бабы бойынша шешім шығару үшін жіберілді «, - деп хабарлады әкімдіктен

Ереуілдің суреттері әлеуметтік желілерде тараған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT