Алматы әкімдігі жол шетіне көлік қоймау қажеттігін ескертті

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі қалада қалың қар жауып жатқанына байланысты жол шетіне көлік қоймауды ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Синоптиктердің болжауынша, қалың қар 11-16 аралығында ішінара жаууы ықтимал.

Осыған байланыста Алматы әкімдігі автокөлік иелерін қар тазалау жұмыстарын жүргізуге түсінікпен қарауды және әсіресе түнгі уақыттарда жол жиегіне көлік қоймауды сұрады.

Қар тазалау жұмыстарын жүргізуге кедергі жасаған автокөліктер эвакуатормен тиеліп кетеді.

Сондай-ақ, әкімдік апатты жағдайлардың орын алу қаупі жоғары болғандықтан, автокөлік жүргізушілеріне жеке көліктерін пайдаланудан бас тартып, қоғамдық көлікпен жүруге кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар