Алматы әкімдігі жауынды күні көк шөптің неге суарылып жатқанын түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алдындағы газон суарылып жатыр. Қарлы-жауынды күнде  бұл құбылысты қала тұрғындары түсінбей әлек.

Бұл суретті Фейсбукке Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулдығында консул болып қызмет атқаратын Ирина Переверзева жариялады.

 

«Тек қана Ресейде ғана емес ақылға сыймайтындар мұнда да бар екен. Алматылықтар, мынау үшін кім жауап береді? Балуан Шолақ сарайы жанындағы гүлзарды жауынды күнде суарып жатыр», - деп жазды Переверзева.

Алматы әкімдігі жауынды күні көк шөптің неге суғарылып жатқанын ҚазАқпарат тілшісіне түсіндірді.

«Гүлзардың суарылып жатқан себебі, мердігер ұйым жүйені қысқа жабу алдында суды түгел ағызып тастап жатыр. Қалдық судың барлығы қатып қалмас үшін босатылып жатыр», - деді әкімдіктен.

Соңғы жаңалықтар