Алматы әкімдігі жауапсыз мердігер компаниямен келісімшартты бұзды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі мегаполистегі сумен жабдықтау және су бұру құрылысына қатысты өз міндеттемелерін дұрыс атқармаған компаниямен келісімшартты бұзды. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, қазір ауданда сумен жабдықтау және су бұру - өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, «Кемел» шағын ауданында аса маңызды.

«2021 жылдың қыркүйегінде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу үшін мердігер анықталды. Алайда, ол өз міндеттерін дұрыс орындамады. Сондықтан, біз шартты сот арқылы бұзуға мәжбүр болдық. Сол себепті, жобаны орындау келесі жылға қалып отыр», - дейді қала әкімі.

Сонымен қатар, ол аталған шағын аудандағы әрбір жеке үйге тұрақты электр энергиясы тартылып, қалалық желіге қосылатынын мәлімдеді.

«2022 жылы «Кемел» шағын ауданындағы электр желілерін реконструкциялау жұмыстары басталғанын айта кеткім келеді. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін «Кемел» шағын ауданындағы әрбір жеке үйге тұрақты электр энергиясы тартылып, қалалық желіге қосылатын болады», – деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар