+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Алматы әкімдігі жарықтың өшіп қалу себебін түсіндірді

2019 жылғы 15 шілде 15:46
Бөлісіңіз:
Алматы әкімдігі жарықтың өшіп қалу себебін түсіндірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы тұтас қаланың жарықсыз қалуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда бір ауданның халқы электр жарығынсыз қалды Бақытжан Сағынтаев Алматыда электр энергиясын қалпына келтіруді бақылауына алды Алматыда метро жұмысын уақытша тоқтатты

«Бүгін 14:14-де «Алматыэнергосбыт» АҚ ЖЭС-2 стансасының қайнар көзінде ақау болды. Соның кесірінен қаланың көп бөлігі электр қуатынсыз қалды. Қазіргі таңда ЖЭС-2 нысанында КЛ-220 кВ бойынша жарық берілді. Қаланы қоршаған сыртқы шеңбер бойынша KEGOC 220 кв желісінде қаланы электр желісіне қосу процесі жүріп жатыр. Бұл нысанды қайта қосуға 1-1,5 сағат уақыт кетеді», - деп мәлім етті қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасынан.

Қаланың барлық аудандары кешкі сағат 17:00-де электр энергиясына толық қосылатын болады.

Қазіргі таңда қаладағы барлық бағдаршамдардың жұмысы реттелді. Көшелердегі жол қозғалысын реттеуге 400-ден астам жол-партульдік полиция қызметкері шықты.

Арнайы жұмыс тобы апаттың себебін анықтап жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT