+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Алматы әкімдігі тұрғындарға дезинфекциядан кейін 5 сағат үйден шықпауға кеңес берді

2020 жылғы 25 наурыз 13:15
Бөлісіңіз:
Алматы әкімдігі тұрғындарға дезинфекциядан кейін 5 сағат үйден шықпауға кеңес берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін 25 наурыздан бастап Алматы әкімдігі қаладағы тұрғын үйлердің подьездерін дезинфекциялау жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында қоғамдық орындар дезинфекцияланып, шектеу күшейді Түлкібаста халық көп жүретін жерлерге дезинфекциялайтын құрал орнатылып жатыр Алматыда дезинфекциялау жұмысына көңіл толмаса қайда хабарласу керек

«Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы қала жолдарын күніне 2 рет жууды жоспарлап отыр. Ол үшін 90 жуу техникасы, 54 тротуар жинау техникасы, 962 жұмыскер жұмылдырылды. Тағы 112 адам урналар, орындықтар мен аялдамаларды зарарсыздандырумен айналысады», - деп мәлім етті Алматы әкімдігінен.

Бүгін 25 наурызда таңғы 9-дан 32 бригада подьездерді жууды бастады.

Барлығы 2868 үйдің 8633 подьезі мен 1441 ауласын зарарсыздандыру жоспарда бар.

«Жұмыс бастамас бұрын дыбыс зорайтқыш арқылы жарияланады. Өңдеуден соң әр подьезге кезекті өңдеу графигі ілінеді. Бүгін сонымен қатар, Есентай, Үлкен Алматы және Теренкур өзендерінің жағалауы өңделеді», - деді басқармадан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT