Алматы әкімдігі тұрғын үй кешенінің құрылысын тоқтатты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі бұрынғы «жеміс консерві комбинаты» аумағындағы құрылыс жобасын тоқтатты. Бұған дейін қала тұрғындары осы ауданда 57 көпқабатты үйден тұратын тұрғын үй кешенінің құрылысына шағымданған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, О. Жандосов көшесі № 94, № 94/16, № 94/8; Ә. Кекілбайұлы көшесі № 6; 20-линия көшесі № 39 мекенжайындағы құрылыс тоқтатылды.

«Халыққа қызмет көрсету объектілері бар көппәтерлі тұрғын үй кешенін салуға арналған жобалау алдындағы құжаттама кері қайтарып алынды.Басқарманың ұсынысы бойынша құрылыс салушы құрылыс тығыздығын, қалалық инженерлік желілерге түсетін жүктемені ескере отырып, жаңа эскиздік жобаны әзірлейді және ұсынады. Құжат жобасы барлық қажетті процедуралардан, соның ішінде қоғамдық талқылаулардан өтеді»,-деп хабарлады басқармадан.

Бұдан басқа, құрылыс салушы эскиздік жобада әлеуметтік нысандар, оның ішінде жалпы білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі білім беру нысанның болуын көздеуі қажет.

«Осылайша, аталған Алматы ауданындағы құрылысқа жол берілмейді»,-деп атап өтті қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы.


Соңғы жаңалықтар