Алматы әкімдігі «Шымбұлаққа» жолаушы тасымалдаудың балама тәсілін ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі «Шымбұлаққа» адамдарды жеткізудің оңтайлы тәсілдерін қарастырып жатыр.

Бұл туралы бүгін қала әкімінің қатысуымен болған көшпелі жиында белгілі болды.

Әкімдіктегілердің айтуынша, қазір «Shuttle bus» арнайы қызметін енгізу көзделіп отыр. Бұл көліктер жолаушыларды «Шымбұлақ» пен «Медеуге» жеке-жеке таситын болады.

Бір бағыттағы жол жүру құны 500 теңгеден аспайды.

Сондай-ақ, таксопарк басшылығымен де такси құнын 2 есе түсіру жайында келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Қазір таксимен жету құны 1100 теңге болып отыр.

Аспалы арқан жолымен демалыс күндері оқушылар мен зейнеткерлерге, 6 жасқа дейінгі балаларға жеңілдік берілетін болды.

Көшпелі жиын барысында белгілі болғандай, көлікпен кіруге тыйым салынғалы бері Шымбұлаққа келушілердің саны күрт артқан.

«Сараптамаға сүйенсек, бүгінде күніне мұнда 10 мың адам келеді. Бұрын келушілер саны 2 мыңнан аспайтын. Мейрамханалардың табатын күндізгі табысы 30%-ға артты», - деді Б.Байбек.

Сондай-ақ, қала басшысы экологиялық мәселелерді шешумен айналысатын экологиялық кеңес құруды ұсынды. Оған қала тұрғындарын қабылдау көзделген.

Айта кету керек, 2016 жылдың ақпанынан бастап «Медеу» мұз айдынынан «Шымбұлаққа» барар жолда жол-патрульді комиссияның мобильді посты құрылды. Тыйым салынған аймаққа тек арнайы коммуналдық қызметтің көліктері ғана ене алады.

Келушілер «Шымбұлаққа» жаяу немесе аспалы арқан жолымен, болмаса таксимен ғана қатынап жүрген.

Соңғы жаңалықтар