Алматы әкімдігі «Саяхат» маңындағы кептелісті азайту үшін не істеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі неліктен бірқатар автобус маршруттарын жауып, кейбірін өзгерткенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Саяхат» автовокзалы маңында тұратын тұрғындардан түскен көптеген арыз-шағымды ескеріп, бірқатар шараларды қолға алды.

Енді «Саяхат» маңында жол қозғалысын жеңілдетуге барынша жағдай жасалмақ.

Абай ауылы мен «Саяхатқа» қатынайтын №49 маршрут жабылды. Себебі, бұл маршрут №4, 7, 11, 23, 50, 54, 78, 141 бағыттарды қайталайды.

Осыған байланысты, оның орнына №11 автобус Абай ауылына баратын болды. Енді №11 бағыттың бұрынғы соңғы аялдамасы «Асыл Арман» тұрғын үй кешеніне №16 автобус қатынайды.null

№ 8 маршрут қозғалысына өзгеріс енгізілді. Енді аталған бағыт «Жас Қанат» шағын ауданы - Хмельницкий көшесі - Щемякин -  Рысқұлов - Жангелдин - Мақатаев - Райымбек бағытында жүреді.null

Сонымен қатар, тағы бір бағдар ұзартылды. Енді 73-автобус Балтабаев көшесінен Алматы-1 вокзалына дейін барады.null

Ол өз жолында Алматы-1 вокзалы - Р.Зорге - Ақан Сері - Сейфуллин даңғылы - Жансүгіров  - Тобаяқов - Сейфуллин - Райымбек даңғылы - Қонаев - Мақатаев - Жетісу - Райымбек даңғылы - Добролюбов - Оренбургская - Шығыс айналма жолы - Балтабаев - Базарбаев көшелерімен жүретін болды.

    null

Соңғы жаңалықтар