Алматы әкімдігі «өлген иттерге» қатысты түсініктеме берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы көшеде өліп қалған иттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео facebook желісінде жарияланды

Видеода Пушкин көшесінде 5-6 иттің жатқаны және олардың ауырып жатқанын болмаса өліп қалған болуы мүмкін екені айтылады.

Бұл видеоға қатысты қалалық Кәсіпкерлік пен инвестициялық даму басқармасының өкілдері түсінік берді.

«Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес қалалық Ветеринарлық қызмет өкілдері мен басқарманың ветеринарлық дәрігері жедел түрде оқиға орнына барды. Олар келгенде жануарлар оқиға орнында болмаған. Ал көшенің бойында су құйылған пластик контейнерлер мен тамақ салынған ыдыстар табылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, адамдар қаңғып жүрген иттерге тамақ берген-міс. Жағдай тағы да бақыланып жатыр», - деді басқармадан.

Айта кету керек, мұның алдында оқырмандар орталық саябақта зарарсыздандыру жұмыстарынан соң кептерлер қырылып жатқанын айтып шағымданған еді.

Ал одан кейін әкімдік зарарсыздандыру құралдарының қауіпсіз екендігін алға тартқан болатын .



Соңғы жаңалықтар