Алматы әкімдігі мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі қаланың өнеркәсібін дамытуға бағытталған ортақ жоспар құрды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев қаланың өнеркәсібін дамытуға бағытталған ортақ жоспарға қол қойды.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа құжат қаланың туризм, өнеркәсіп, көлік, инвестиция тарту саласын дамытуға бағытталған.

Қала басшысы Ахметжан Есімовтің айтуынша, МҮИИДБ бірінші бесжылдығының қорытындысы бойынша Алматыда өңдеу өнеркәсібінің тұрақты дамуы байқалған. 2013 жылғы даму көрсеткіші 2008 жылғымен салыстырғанда 151%-ға артқан.

«Жоғары технологиялық салалар қарқынды дамып келеді. Айталық, машина жасау - 120,8%-ға, химиялық өнеркәсіп - 127,9%-ға, электр құрылғыларын өндіру - 220 %-ға, жиһаз өнеркәсібі - 174,1%-ға артқан. Алматы бойынша жалпы құны 531 млрд теңге болатын 28 индустриялық-инновациялық жоба жүзеге асырылып, құрылыс барысында 9 мыңға тарта жұмыс орны, пайдалануға беру кезінде 5 мыңға тарта жұмыс орны ашылды», - деді А.Есімов.

Өз кезегінде министр Әсет Исекешов Елбасының алға қойған тапсырмасын дер кезінде тиянақты орындау үшін аталған жоспардан алшақ кетпеу керектігін айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар