Алматы әкімдігі мемлекеттік қызметтердің 90 пайызын электронды форматта көрсетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфир барысында азаматтармен кері байланысты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтер мен сервистерді цифрландыру туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

Бүгінде Алматы әкімдігінің мемлекеттік қызметтерінің 90%-ы электронды, қызметтің 150 түрі eGov.kz және мобильді құрылғылар арқылы қолжетімді. Бұдан өзге, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Open Almaty қоғамдық қабылдау қызметі жұмыс істейді. Былтыр 400 мыңнан астам өтініш қабылданды.

Биылғы жылдың 5 айында білім беру, абаттандыру, көлік және жол мәселелеріне, карантиндік шектеулерге қатысты 71 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындарды қаланы басқаруға тарту бойынша «Бюджетке қатысу» жобасы іске асуда. 2021 жылға 795 ұсыныс түсті, қоршаған ортаны жақсарту және аумақтарды абаттандыру жөніндегі жобаларды қаржыландыру бойынша 28 мыңнан астам дауыс жиналды.

Алматылықтармен көптеген мәселелер бойынша интерактивті диалог жүргізу үшін жалпы қалалық алаң ретінде IAzamat қосымшасы іске қосылды.

Пандемия кезінде барлық спорт нысандары, балалар үйірмелері және жаттықтырушылардың мәліметтері цифрландырылды. https://meteor.almaty.e-orda.kz/ru баланы олимпиада резерві мектептеріне, спорт мектептері мен интернаттарға тіркеуге болады. Порталда спорттың 78 түрі, 15-тен астам ұйым, 855 жаттықтырушы-оқытушы ұсынылған.


Соңғы жаңалықтар