Алматы әкімдігі медбикелерге арналған жатақхана салуды жоспарлап отыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі медбикелерге арналған жатақхана салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қала әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова айтты.

«Орта білімі бар медициналық мамандардың әлеуметтік жағдайын көтеру жан-жақты қарастырылуда. Әсіресе, баспана мәселесі өте өзекті болып отыр. Қазіргі таңда қала әкімдігінде оларға жатақхана салу мәселесі талқыланып жатыр. Қазір орта медициналық білімі бар қызметкерлердің айлығын көбейту, сыйақы тағайындау жақсы жолға қойылып отыр», - деді З.Аманжолова.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Алматыда медбикелердің жетіспеушілігі айқын сезіледі. Барлық республика бойынша орта білімді мамандармен қамтылу 80 пайызды құраса, Алматыда 63,7 пайызды құрап отыр.

«Қазір қаламызда медициналық мамандарды әзірлейтін 10-нан астам колледж бар. Олардан жылына 150 маман бітіріп шықса, 50-ін Алматыда алып қалуға жағдай жасаудамыз. Бір Алматының өзінде қазір 84 мемлекеттік медициналық мекеме, 20-ға жуық ғылыми институт, 1000-ға жуық жекеменшік медициналық мекеме жұмыс істейді», - деді З.Аманжолова.

Ал, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанованың пікірінше, қаламыздың медициналық мекемелерінде 2000 бос орын бар.

«Қазір 4 учаске толығымен мамандармен қамтылды. 5-сінші учаскеде әлі де мамандар тапшы. 3 жылда қалалық емханалар мен ауруханаларды толығымен қамтып үлгереміз деген ойдамыз», - деді Ж.Қасымжанова.

Соңғы жаңалықтар