Алматы әкімдігі логотипке жарияланған тендерден бас тартты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық туризм басқармасы «Алматы қаласының логотипін сатып алу» туралы тендерінен бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарманың хабарлауынша, бұл мәмілеге әзірге қажеттілік аз.

«Туризм - Covid-19 инфекциясынан қатты жапа шеккен салаларға жатады. Соған қарамастан басқарма қазір індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлерінің тұрмысын реттеуді қолға алған. Атап айтқанда, оларды қонақ үйге орналастыру, кейбір қонақ үйлерді инфекциялық стационарға айналдыру жұмыстары жедел шешімді талап етеді», - деді басқармадан.

Карантин басталғалы бері Алматы қалалық туризм басқармасы 2000 медицина қызметкерін қаланың 25 қонақ үйіне жайғастырған болатын.

Бұл жергілікті қонақ үй бизнесіне мультипликативті тиімділік көрсетті.


Соңғы жаңалықтар