Алматы әкімдігі қоғамдық дәретхана мәселесін шешуді қолға алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі қаладағы қоғамдық дәретханалардың жұмысын жақсарту бойынша қолға алынып жатқан шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық әжетханаларға келетін болсақ, біз кәсіпкерлерге көптеген ұсыныстар мен нүктелер ұсындық. Алайда, осы бағыттағы шаралар өз нәтижесін бермей отыр. Сондықтан мемлекеттік кәсіпорындар арқылы бұл бағдарламаны одан әрі кеңейтіп, дамытуға тырысамыз. Бұрын қоғамдық дәретханалар жерасты өткелдері мен ғимараттардың бірінші қабаттарында болатын. Естеріңізде болса, 90-жылдары алғашқы бизнес осы қоғамдық дәретханалардан басталған болатын», - деді Алматы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.

Ол қоғамдық дәретхана нүктелері жаяу жүргіншілерге ғана арналған көшелерде орналасқанын атап өтті.

«Егер әжетханалар жабық тұрса, онда соған жауапты ұйыммен байланысу қажет. Себебін анықтау керек. Дәретхана тәулік бойы ашық тұруы тиіс», - деп қосты спикер.

Соңғы жаңалықтар