Jańalyqtar
Алматы әкімдігі кейбір тұрғындарға 42500 теңге неге берілмегенін түсіндірді
2020 жылғы 7 сәуір 18:23
Бөлісіңіз:

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қалалық Әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева 275 тұрғынға неге 42500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілмегенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алғашқы күндері өтініштер ағыны көп болғанда ескерту жасалды. Көпшілігі форманы дұрыс толтырмаған. Оның ішінде деректер дұрыс көрсетілмеген. Қалада тегі ұқсас адамдар өте көп. ЖСН, есеп шот нөмірін дұрыс көрсету қажет еді. Осындай дұрыс толтырылмаған 275 өтініш кері қайтарылды. Олар қателерін жөндеп қайта тапсырса болады», - деді Р.Шимашева.
Оның айтуынша, әлеуметтік көмекке тапсырған тұрғындарға 3 жұмыс күнінің ішінде СМС арқылы жауап келеді.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Алматы облысының соты карантинге жабылды
- Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр
- Алматыдан 517 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінді
- Азаматтар 42500 теңге алған айда медсақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті емес – ӘМСҚ
-
Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov порталында 6 жаңа қызмет іске қосылды
-
Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER