Алматы әкімдігі қаладағы эскиздік жобалардың картасын жасап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігінде қаладағы барлық құрылыс нысандарының эскиздік жобасының картасы жасалады.

Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында Алматы қаласы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, қаладағы барлық эскиздік жобалар көпшілікке жария етілетін болады.

«Бүгінде біз ақпараттық жүйеде реинжиниринг жүргізіп жатырмыз. Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандырып жатырмыз.Бұл деректердің барлығы электрондық форматта болады. Қалада барлық мақұлданған эскидік жобалар осы кратада орналасатын болады. Бұл картадан қай жерде құрылыс жүріп жатқаны, қай жерден рұқсат алғаны туралы мәлімет орналасатын болады. Оны кез-келген адам көре алатын болады», - деді Алмасхан Ахмеджанов.

Айта кету керек, 2021 жылы Алматы қаласының дизайн код жобасы қабылданатын болады.

Сонымен қатар әкімдік қаланың орталығында 4 қабатты үйлер санын 20 пайыздан асырмауға бел буды.



Соңғы жаңалықтар