+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Алматы әкімдігі қала тұрғындарына үндеу жолдады

2021 жылғы 16 шілде 02:19
Бөлісіңіз:
Алматы әкімдігі қала тұрғындарына үндеу жолдады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қала тұрғындарын «Құрбан айт» мерекесін онлайн-форматта өткізуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жылу бағасы қымбаттауы мүмкін Алматыда карантин режимін бұзған 12 нысан анықталды Алматыда «қызыл» аймақтың карантиндік шектеулері тағы 7 күнге созылады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин және қаланың бас имамы Төлеби Оспанмен бірге карантиндік жағдайларда «Құрбан айт» мейрамын мерекелеу бойынша онлайн кеңес өткізді.

Кеңеске аудандар әкімдіктерінің және жауапты басқармалардың басшылығы қатысты.

Ержан Бабақұмаров қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға баса назар аударды.

Соңғы тәулікте мегаполисте коронавирус инфекцияның 850 жағдайы тіркелді. Осыған байланысты биыл вирустың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында «Құрбан айт» мерекесі онлайн режимде өтеді.

Қайырымдылықты qurban2021.kz сайтына өтінім беру арқылы онлайн жасауға болады.

Кеңес барысында, сондай-ақ құрбандыққа шалынатын жануарларды сату кезінде қалалықтардың денсаулығын «Дельта» штаммын жұқтырудан қорғау мәселелері талқыланды.

Басты міндет – коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайту. Әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық басқармалар мен аудандардың әкімдіктеріне, ветеринарлық және тиісті қызметтерге мереке кезінде инфекцияның алдын алу және карантиндік шектеулердің сақталуына бақылауды күшейту жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Айта кетсек, «Құрбан айт»мерекесінің онлайн форматы өткен жылы енгізілген болатын.

Шектеулер барлық ұйымдарда, соның ішінде жеке үй шаруашылықтары мен медреселерде адамдардың жаппай жиналуы арқылы іс-шаралар өткізуге тыйым салуды көздеді.

Сонымен қатар, автокөліктерден және жеке үй шаруашылықтарынан мал союға тыйым салынады, құрбандық шалуға арнайы бөлінген жерді қоспағанда, бүкіл қала бойынша мал сою цехтары мен базарларының жұмысы тоқтатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT