+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Алматы әкімдігі қала тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға шақырды

2021 жылғы 14 қаңтар 19:10
Бөлісіңіз:
Алматы әкімдігі қала тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға шақырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі алматылықтарды КВИ-ге қарсы күрес шараларын күшейтуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола өңірінде облыс, қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды «Қызыл аймақ»: Қостанайда карантин шаралары қайта күшейді COVID-19 вирусынан екі млн адам қайтыс болды: БҰҰ басшысы мәлімдеме жасады

Осы уақытқа дейін Алматыда коронавирус инфекциясын 19 980 адам жұқтырып алса, өткен тәулікте мегаполис бойынша 122 науқастан ПТР тестілеудің оң нәтижесі анықталды. 2020 жылғы желтоқсан айының бірінші онкүндігімен салыстырғанда коронавирустық инфекция бойынша сырқаттану деңгей 1,7 есе өскен

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын карантин шаралары - әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска режимінің сақталуын күшейтуге, сондай-ақ мүмкіндігінше жабық үй-жайларда ұзақ уақыт болудан бас тартуға шақырады.

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, аурудың ең көп таралуы 20-39 жас аралығында – 35% және 40-59 жас аралығында - 31% байқалады. Бұл жаңа жыл алдындағы және келесі демалыс күндері корпоративтік кештерді өткізумен және сауда нысандарына барумен байланысты.

Қоғамдық орындардың ішінде (сауда, қоғамдық тамақтану нысандары) – 41%, отбасылардағы байланыс – 27% және қоғамдық көлік – 21% құрайды.

Осыған байланысты алматылықтарға сақтық шараларын қатаң сақтау, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу, бетперделерді дұрыс пайдалану, жеке гигиенаны сақтау секілді ескертулер жасалады. Сондай-ақ зейнеткерлердің тұрғын үйден шығуын шектеу қажет. Респираторлық инфекциялардың белгілері пайда болған жағдайда жеке бөлмеде оқшауланып, учаскелік дәрігерді үйге шақыру және коронавирустық инфекция диагнозы қойылған кезде жақын адамдарының, туыстары мен көршілерінің жұқтыруын болдырмау үшін карантиндік стационарға жатқызудан бас тартпау керек.

Айта кету керек, инфекцияның сырттан келу жағдайларының тіркелуі жалғасуда. 06.10.2020 жылғы кезеңнен бері коронавирустық инфекцияның 77 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте Дубай – Алматы рейсімен келген жолаушыларда коронавирус инфекциясының 2 жағдайы анықталды.

Сонымен бірге, әлемде COVID-19 жағдайы ушыға түсті. Елдер алдын алу шараларын күшейтуде. Мысалы, Нидерландыда шектеулерді 9 ақпанға дейін ұзартты. Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца Парламентке төтенше жағдайды 30 сәуірге дейін ұзарту туралы хабарлады. Швейцария коронавируспен күресу үшін карантинді одан әрі күшейтіп, 22 қаңтардың орнына оны қыстың соңына дейін жалғастырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT