Алматы әкімдігі ғимаратына келген шығын - 20 млрд теңге
2022 жылғы 17 қаңтар 10:35

Алматы әкімдігі ғимаратына келген шығын - 20 млрд теңге

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі ғимаратына 20 млрд теңгенің шығыны келтірілді. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде келген шығын есептеліп жатыр.

Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі - 112,6 млрд теңге. Оның 67 млрд теңгесі бизнес субектілеріне тиесілі.

Алматыдағы бүліктен кейін 240 нысан зардап шекті.

Басым бөлігі есік- терезесін ауыстыруды қажет етеді және жартылай өртенген нысандар бар.

Оның 27-і - мемлекеттік мекеме ғимараты, 216-ы - шағын және орта бизнес нысаны.

«Әкімшілік ғимараттарға 22,6 млрд теңге шығын келді.Алматы әкімдігі ғимаратына - 20 млрд таңге, прокуратура ғимаратына – 2 млрд, полиция департаменті мен бөлімшелеріне – 205 млн, экобекеттерге -163 млн, медицина нысандарына – 2 млн теңгенің шығыны келген»,- дейді ол.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT