Алматы әкімдігі «Демеу» орталығындағы кісі өлімі мен жаппай улану туралы түсініктеме берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігіндегілер «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы 63 тұрғынның «тамақтан улануына» байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктің мәліметі бойынша қазір мекемеде 680 адам тұрып жатқан көрінеді.

«24 шілде күні таңертең мекемедегі 63 қызмет алушыда тәулігіне 2-4 рет жиілікпен, түсі қалыпты үлкен дәрет қысуы байқалған. Орталықтың емдеуші дәрігерлері «тағамнан болған диарея» деген алдын ала диагноз қойып, симптоматикалық ем тағайындады. Сол күнгі түскі асқа қарай қызмет алушылардың көбінде үлкен дәрет жиілігі қалыпқа келіп, кешке жақын толық тыйылған» - деп хабарлады Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы.

Әкімдіктің дерегіне бойынша, бұл уақыт ішінде орталық мамандары аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен телефон арқылы байланыста болған және дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, құсу, іш ауыруы, жалған дефекация сияқты тамақтан улану мен жедел ішек инфекциясының белгілерін байқамаған.

«23 шілдедегі тәуліктік сынама үлгілері зерттеу жүргізу үшін Алматы қаласы Жетісу ауданының ұлттық сараптама орталығының зертханасына жіберілді. Ай сайын вакцина алмаған қызмет алушылар COVID-19-ға ПТР-тест тапсырады. Қызмет алушылар арасында соңғы рет короанвирус инфекциясы 2020 жылдың шілдесінде тіркелген. COVID-19 - ға соңғы талдау 2021 жылдың 7 шілдесінде жасалды. Барлық тест нәтижелері теріс», - делінген басқарманың мәліметінде.

Ведомство өкілдері осы мекемеде қайтыс болған қызмет алушы туралы да ақпарат берді. 1980 жылы туған азаматқа бұған дейін екі рет ота жасалған көрінеді. Басқарма таратқан мәліметте марқұмның жүрек-қан тамырлары жүйесі мен бүйректің созылмалы ауруларынан зардап шеккені айтылған.

«24 шілде күні сағат 19.40-та науқастың жағдаы күрт нашарлап, жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды. Сағат 20.00-де өлім тіркелді. Кейін жақын туыстарына және Бостандық ауданы полиция бөлімінеі хабарланды. Аутопсия нәтижелері бойынша сот-медициналық сараптама орталығы берген өлім туралы медициналық куәлікте өлімнің себебі «жедел жүрек жеткіліксіздігі, кардиомиопатия» деп көрсетілген. Яғни, БАҚ-тағы марқұмның коронавирус инфекциясынан қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп хабарлады ведомство мамандары.


Соңғы жаңалықтар