Алматы әкімдігі дәрілік заттардың бағасын көтермеу туралы меморандумға қол қойды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі дәрілік заттардың бағасын көтермеуді мақсат тұтып отыр. Бүгін ҚР ДСӘД Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласының әкімдігі және Қазақстанның фармацевтикалық қауымдастықтары 2016 жылғы 18 сәуірде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын көтермеу туралы Меморандумға қол қойды.

Енді отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруші компаниялар мен шетелдік тауарлардың ресми дистрибьюторлары 105 дәрілік заттың бағасын жыл соңына дейін 2016 жылдың 1-сәуіріндегі бағадан асырмайтын болып уағдаласты.

Қала билігі осылайша халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобын қолдауды мақсат тұтып отыр.

Мұндай құжатқа Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Ивановна Дурманова, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті Серік Егельевич Сұлтанов, «Қазақстан Республикасы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілері» қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин, «Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық өнім дистрибьюторлары» қауымдастығының директоры Наталья Александровна Гунько, «ИНЧАМ ФАРМА үнді фармацевтикалық өндірушілері» қауымдастығының төрағасы Сом Партхо Сартхи қол қойды.

Соңғы жаңалықтар