+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы әкімдігі: Дәріханада дәрі қымбаттаған жоқ

2020 жылғы 13 шілде 18:06
Бөлісіңіз:
Алматы әкімдігі: Дәріханада дәрі қымбаттаған жоқ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі дәріханаларда дәрі бағасы бақылауға алынғанын айтып, осы уақытқа дейін заңбұзушылық тіркелмегеніне сендірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда Дәрі-дәрмек пен масканы қымбат бағаға сатқандар ұсталды – Түркістан Атырауда сертификатталмаған 244 мың теңгенің дәрісі тәркіленді

ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова ҚР ДСМ №104 бұйрығына сәйкес, дәрінің шекті бағасы белгіленгенін айтты.

«Бізде дәрі бағасын мемлекет реттейді. Сондықтан, әрбір өзін құрметтейтін бизнесмен осы шекті бағаны асып кетпейді. Өйткені бірінші мәрте оған үлкен көлемде айыппұл салынады. Екінші рет кәсіпорынның жұмысы 6 айға тоқтатылуы мүмкін. Бизнес жабылды деп санауға да болады», - деді ол.

Оның айтуынша, дәріханалар тарапынан заңбұзушылық тіркелмеді.

«Бізде шекті баға бар. Мысалы парацетамол бұрын 70-80 теңге болған. Шекті бағасы - 128 теңге. Одан қымбат болуы мүмкін емес. Дәріханалардың біреуі де бұл бағаны көтерген емес. Бағаны көтеру туралы әңгіме болды. Бірақ, баға қымбаттамады», - деді Марина Дурманова.

Ал қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қала дәріханаларындағы бағаны арнайы комиссия бақылауда ұстап отырғанын айтты.

«Баға көтеру бойынша бір де бір дерек кездеспеді. Біз қатаң бақылауға алмас бұрын біреулер 3 парацетамол орнына 100 қаптама сатып алып отырған. Сосын оны интернет арқылы сатып отырған. Бұл деректерді біз полицияға бердік. 11 дерек анықталды», - деді С.Тұяқбаев.

Оның айтуынша, қалада 800 дәріхана бар. Олардың жұмысы әкімдік пен фармкомпаниялар арасындағы келісім негізінде бақылауға алынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT