+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы әкімдігі дәрі-дәрмек тапшылығы неден туындағанын түсіндірді

2020 жылғы 13 шілде 14:39
Бөлісіңіз:
Алматы әкімдігі дәрі-дәрмек тапшылығы неден туындағанын түсіндірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев дәрі-дәрмекке қатысты онлайн брифинг өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар - 1011, 15  адам қайтыс болды Әзербайжанның бірқатар қаласында карантин режимі жеңілдетілді Шымкенттегі провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77%-ға азайды

Оның айтуынша, осыдан 2 апта бұрын пандемияға байланысты жекелеген дәрілерге сұраныс едәуір өсіп кеткен болатын.

«Парацетамолды қаланың жалпы тұтынуы мамыр айында 50 мың болса, соңғы екі аптада күніне 100 мың сатылды. Жыл бойы темометрдің 100 мыңы саудаланса, 2-3 күнде 50 мың темометр сатылып кетті. Тұтынудың, сұраныстың өсуіне байланысты да тапшылық туындап отыр. Қазір мәселені тұрақтандыру үшін күніне 2 рет мониторинг жасап отырмыз. Бастапқыда дәріханалардың инфрақұрылымы сұранысқа дайын емес болатын. Мәселе шешілді. Қазір соңғы 1 аптада үлкен дүрлігу жоқ», - деді Сапарбек Тұяқбаев.

Оның айтуынша, 1 шілдеден бастап Алматы дәріханаларына 900 мыңға жуық дәрі жеткізілген.

«Одан бөлек күнделікті бүкіл компанияларда, дәріханалар қоймасында да дәрінің біздегі қорына мониторинг жасап отырмыз. 846 мың дана дәрі бар.

1 ай көлемінде 3 млн 685 келісімшарт жасалған.

Парацетамолдың 185 мың данасы бар. 16 шілдеден бастап ай соңына дейін 2,2 млн қаптамасы келеді. Сондықтан, кейбір азаматтардың дәрі жоқ деп дабыл қаққаны шындыққа сәйкеспейді», - деді Тұяқбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT