Алматы әкімдігі балалардың жазғы демалысына 184 млн теңге бөлді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі балалардың биылғы жазғы демалысына 184 млн. теңге бөлді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 млн. теңгеге артық. Бұл жөнінде Алматы қалалық кәсіподақтар одағы төрағасының орынбасары Құралай Беркімбаева хабарлады.

Оның айтуынша, биыл Алматыда 3860 бала жазғы демалысын лагерьлерде өткізбек. Тізімге бірінші кезекте жетім балалар мен әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылардың балалары алынды.

Жолдамалардың жартысы тегін берілсе, жартысы кәсіподақ мүшесі болатын отбасылардың балаларына жеңілдікпен берілді. 20 күндік демалыс құны да әр түрлі: 3 мың теңгеден 10 мың теңгеге дейін.

«Біздің жұмысымыз реттеу болып табылады. Біз жолдамаларды сатпаймыз әрі делдал емеспіз. Есесіне демалыс орындары туралы ақпарат береміз, санитарлық ахуалды, қауіпсіздік шараларын қадағалауға қатысамыз. Бос орындарға адам жинауға көмектесеміз. Жазғы лагерьлердің басшылары біздің одақпен байланыс жасауға мүдделі», - Қ.Беркімбаева.

Соңғы жаңалықтар