Алматы әкімдігі ауа райына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігінің коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы ауа райына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша бүгін, 8 қарашада Алматыда күні бойы қатты жаңбыр жауып, арты дымқыл қарға ұласады деп күтіліп отыр.

Түнде ауа температурасы -1 -3 градусқа дейін төмендейді, көктайғақ болады.

«Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автокөлік жүргізушілеріне жазғы дөңгелектерін қысқы дөңгелекке уақтылы ауыстыруды ұсынамыз. Жолда көктайғақ әрі қозғалыс бөлігінде тайғанақ қабыршықтардың пайда болуына байланысты жүргізушілер қозғалыс жылдамдығын төмендетіп, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттырып, бүйір аралықты сақтауы, кенеттен маневр жасаудан, тежегішті кілт басудан аулақ болғаны жөн»,- делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін атмосфералық фронттарға байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр және қар жауады.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.


Соңғы жаңалықтар