+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы әкімдігі аса қажеттілік болмаса адам көп жиналатын жерлерге бармауды ескертті

2020 жылғы 26 ақпан 18:27
Бөлісіңіз:
Алматы әкімдігі аса қажеттілік болмаса адам көп жиналатын жерлерге бармауды ескертті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі аса қажеттілік болмаса адам көп жиналатын жерлерге бармауды ескертті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңындағы брифинг барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сарапшы: Біріктірілген COVID-19 статистикасы - өте дұрыс шешім Дәрігер коронавирус пен пневмонияның біріккен статистикасына қатысты пікір білдірді КВИ-дің ауыр түрінде өкпе ғана емес ми, бауыр және бүйрек зақымданады – пульмонолог

«Бүгінде Алматы қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның расталған жағдайлары жоқ. Қалаға қауіпті аймақтардан келетін адамдарға оқшаулау шаралары қолданылды», — деді Т. Әбілдаев.

Сонымен қатар, барлық медициналық ұйымдардың жеке қорғану құралдарымен толық қамтамасыз етілгені айтылды.

Шет елден келгендер медициналық ұйымдардың көмегіне жүгінетін болса, оларға жете көңіл бөлінетін болады және үй карантині белгіленеді.

Айта кету керек, бұл мәселе Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен Коронавирус ауруын таратпау және болдырмау жөніндегі өңірлік штабтың бақылауында тұр.

Тілеухан Әбілдаев әуежай, вокзал аумағындағы коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын сақтау үшін атап айтқанда дезинфекциялық қорғаныс құралдарына тексеру жүргізілгенін хабарлады.

Коронавирусқа қарсы іс-қимыл бойынша санитарлық алдын алу шараларын іске асыру үшін жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау, қолды тиісті дезинфекциялық құралдармен сүрту, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу ұсынылады.

«Бұл инфекцияның (коронавирус) таралуын болдырмау үшін аса қажеттілік болмаса көпшілік, адамдар көп жиналатын орындарға бармауға кеңес беріледі. Қазір ЖРВИ мен тұмау ауруының басталған кезеңі. Көп нәрсе жеке гигиенаға байланысты. ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттану кезеңінде адам осы инфекцияны өздерінің жақындарына, туған-туыстарына, бірге жұмыс істейтін әріптестеріне таратпау үшін тиісті шараларды қолдану керек», — деді Т. Әбілдаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT