Алматы әкімдігі ArtSport бойынша жеткізушілерге 2,2 млрд теңге қарыз

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қала әкімдігі ArtSport бағдарламасы бойынша маусым мен тамыз айының соңына дейін көрсетілген қызметтер үшін жеткізушілерге 2,2 млрд теңге көлемінде қарыз. Бұл туралы спорттық және шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру бойынша қоғамдық жұмыс тобының отырысында Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жақында төлем мәселесі шешіледі. Бюджет комиссиясы өтінімді мақұлдап, оны 30 қыркүйекте өтетін мәслихат отырысына бекітуге жіберді. «Тексеру комиссиясы мен прокуратураның алдын-ала деректерін басшылыққа ала отырып, бұл 8,5 млрд теңгеден 5 млрд теңгеге дейін төмендегенін көрсетеді. Көрсетілген сома тағы азаюы мүмкін.

Сондықтан Алматы әкімдігінен акцептелген ваучерлер бойынша барлық міндеттеме орындалатынын ресми түрде хабарлағым келеді. ArtSport бағдарламасы бойынша ісін адал атқарған жеткізушілердің ақшасы төленеді «, – деді Арман Қырықбаев. Қазіргі таңда Алматыда artsport.edu.kz сайтының дерегінше, үйірмеге 83 мың бала қатысады, оның 35,5 мыңы спортпен және 47,5 мыңы шығармашылық айналысады.

Бұған дейін ArtSport бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар