Алматы әкімдігі Алғыс айту күні мерекесіне орай көпбалалы аналарды құттықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Алғыс күні мейрамында көпбалалы аналар марапатталып, сыйлық сертификаттары табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала билігі Алатау дәстүрлі өнер театры залына көпбалалы аналарды шақырып құрмет көрсетті.

Барлық аналарға гүл беріліп, 50 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

«Құрметті аналар Сіздерге бас иеміз. Сіздер біздің болашағымызды тәрбиелеп келесіздер. 2019 жылды Мемлекет басшысы Жастар жылы деп жариялады. Сіздер ел болашағына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Сондықтан Сіздерге алғысымыз шексіз», - деді ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы.

Жиынға төрт, алты, жеті балалы аналар шақырылды. Оның ішінде 37 жастағы Ася Қазиеваға ерекше құрмет көрсетілді. 10 баланың анасы Ася Шаңырақта тұрады. Тұңғышын ол 21 жасында туған. Содан кейін жыл сайын 8 ұл, 2 қыз дүниеге келген. Ең кенжесі 1 жаста.

«Осындай мереке үшін рахмет. Тосынсый болды. Өте ризамыз. Балаларымның бәрі жақсы оқып өсіп келеді. 14 жастағы ұлым құзға өрмелеуден чемпион, Қазақстан құрамасына кіреді», - деді Ася Казиева.

Жас ана әлі декреттік демалыста. Бұрын таксидің диспетчері болып жұмыс істеген.

Отбасын жалғыз отағасы асырап келеді. Жұбайлар туыстарының үйінде тұрып жатыр.

Қазақстандықтарды Алғыс күнімен Алматы әкімдігінің өкілдері мен ҚХА өкілдері құттықтады.

null null null null null

Соңғы жаңалықтар