Алматы әкімдігі әлеуметтік маңызы жоғары азық-түліктің бағасын қадағалауда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігінде инфляциялық процестерді тежеу мен бағаларды қадағалау бойынша штабтың отырысы болды.

Аталған шара Жаңа жыл мейрамы қарсаңында бағалардың негізсіз өсуінің алдын алу мақсатымен өткізілді.

Алматыда әлеуметтік маңызы жоғары азық-түліктің 18 түрі бойынша баға 1%-4%-ға артты. Ал, 6 түрі бойынша 1%-ға ғана артты.

Қала әкімдігі ұсынған статистикалық дерек бойынша, тек қана шетелден әкелінетін азық-түлік қымбаттаған. Ал, отандық өнімдердің бағасында өте өзгеріс жоқ.

Желтоқсан айында әлеуметтік маңызы жоғары азық-түліктер 1,7%-ға өскен.

Сондай-ақ, қазіргі таңда қала әкімдігі Оңтүстік Қазақстанның Сарыағаш аймағынан тікелей өнім жеткізу мәселесі шешілуде. Бұл ортадағы делдалдарды жойып, бағаның негізсіз көтерілуіне тосқауыл болмақ. Сарыағаш кәсіпкерлерімен жыл соңына дейін 80 тонна қияр мен қызанақ жеткізу бойынша келісімге қол жеткізілген.

Сонымен қатар, «Алсад» компаниясымен 1 жұмыртқаны 16 теңгеден сату туралы келісімге қол жеткізілді. Жұмыртқа «Magnum Cash & Carry» сауда желісі арқылы саудаланатын болады.

Соңғы жаңалықтар