Алматы әкімдігі: Адам өлтірген жүргізуші - әкімдік қызметкері емес

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі адам өлтірді деп күдікке ілінген жүргізушіге қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, оның қызметі әкімдік қызметкері санатына жатпайды.

«Ажар Әбдірешеваның жұбайын өлтіргені туралы арыз-шағымы бойынша күдікті адам «Алматы қаласының Шаруашылық басқармасы» ЖШС-да жүргізуші болып жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол штатта тіркелген. Жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттеріне байланысты жұмыста жоқ. Ол әкімдік қызметкері санатына да, мемлекеттік қызметші санатына да жатпайды. Ер адам әкімдікке қызмет көрсететін «Алматы қаласы Шаруашылық басқармасы» ЖШС жұмыс істейді», - деді ЖШС директоры Қ. Баяманов.

Айта кету керек, бүгін Алматы тұрғыны Ажар Әбдірешева қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа күйеуінің өліміне қатысты видеоүндеу жариялаған болатын.

Кейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл істі жеке бақылауына алып , ПД басшысына істі обьективті тергеуді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар