Алматы әкімдігі 4 млрд теңгеге жер телімдерін сатып алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі жер телімдерін сатып алуға 4 млрд теңгеден аса қаржы жұмсаған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 140 жер телімін сатып алу үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 6,1 миллиард тенге бөлінген»,-деді қалалық жер қатынастары басқармасының бастығы Алтынбек Ахметов.

Оның айтуынша басқарма  109 жер телімін сатып алуға 4,1 миллиард теңге жұмсаған.

Қалған 2 миллиард теңге жыл соңына дейін игеріледі. Жер телімдері транспорттық инфрақұрылмды жетілдіру үшін сатып алынған.

«Рысқұлов -Емцова жолайрығы, Рысқұлов - Құлжа тас жолы, Назарбаев даңғылы, BRT желілері құрылысын дамыту үшін қосымша жер телімдері алынған»,-деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, Алматы территориясының жалпы аумағы 63,8 мың гектарға тең. Олардың 44 % елді мекендерге тиесілі болса, 5,7 мың га  транспорт пен шикізат телімі құрайды. 8,9 мың га ауылшаруашылығына пайдалануға берілсе, 5,4 мың га жер аумағы жеке шаруа қожалығы мен ауылшаруашылығы өнімдеріне бөлінген. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үлесі 31,9 %. 

Соңғы жаңалықтар