Алматы әкімдігі 35 млн. теңгеге қар тазалаудың жаңа технологиясын сатып алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі 35 млн. теңгеге қар тазалаудың жаңа технологиясын сатып алды. Аталған сомаға 6 аспалы құрылғы сатылып алынды.

Технология бір айдан бері Алматы көшелерін тазалауға тестіленіп жатыр.

Бұл туралы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты.

«Бұл технология Қазақстанда бірінші рет қолданысқа енгізіліп жатыр. Нью-Йорк, Мәскеу сияқты ірі мегаполистерде пайдаланылып келеді. Көктайғаққа қарсы реагенттің құрамы жаңа. Тұз бен кальций қосындысы арнайы ерітіндімен қосылып жолға бір тегіс себіліп шығады. Бұрын қардың әбден жауып болуын тосатын болсақ, қазір қар жауа бастаған соң іске кірісе берсе болады. Бұрын себілген құм мен тұз жолда қойыртпақ болып жататын. Тазалауға 2-3 күн кететін. Жолда көп жұмысшы тартылып, көп техника шығатындықтан, жанармай да көп жұмсалатын. 6 жаңа құрылғы Камаздар мен құм сепкіш көліктерге орнатылды. Бір жасалған ерітінді 3-4 рет түскен қарды тазалауға жетеді», - деді Е.Оразалин.

Оның айтуынша, қазір жаңа құрылғымен жабдықталған техникалар қаланың басты магистральді көшелері әл-Фараби, Фурманов, Желтоқсан көшелерінің бойын тазалап жатыр.

Қажетті кальций Қарағандыдан әкелінеді.

Сондай-ақ, Еркебұлан Оразалин көктайғаққа қарсы реагенттің қоршаған ортаға тигізетін зияны туралы да айтып кетті.

«Көптеген Үкіметтік емес ұйымдардың экологиялық ахуалға барынша жаны ашитыны көңіл қуантады. Мединститут қасындағы ауаның зиянды заттармен ластанғанын көрсететін технология көрсеткендей, біздегі ластану деңгейі күнделікті нормадан 1-1,5 есе ғана асып тұр. Бірақ бұл көрсеткішті орташа тәуліктік нормаға бөліп арифметикалық тұрғыдан есептеу керек. Ауа ластанған, бірақ қатты дабыл қағатындай емес», - деді Е.Оразалин.

Соңғы жаңалықтар