Алматы әкімдігі 28 Панфиловшылар паркінде ағаштардың неге оталғанын түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі ағаш кесілгеніне байланысты наразылық білдірген тұрғындарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұның алдында тұрғындар 28 Панфиловшылар паркіндегі ағаштардың оталғанына наразылық білдірген болатын.

Бұл суреттер әлеуметтік желіде жарияланып, қызу талқыға түскен еді.

Енді бұл жазбаға байланысты қалалық әкімдіктің Жасыл экономика басқармасы мәлімдеме жасады.

«Медеу аудандық әкімдігіне 28 Панфиловшылар паркіндегі қураған, кәрі ағаштарды кесуге рұқсат берілді. Келер жолы ескі ағаштарды жою жұмыстарына міндетті түрде қоғам белсенділері кіретін жұмыс тобы қатысатын болады», - деді басқармадан.

Жалпы бұл саябақта 24 ағаш кесілетін болады.

Соңғы жаңалықтар