Алматы агломерациясының тау кластеріне $1 млрд қаржы тартылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы билігі Алматы облысындағы тау кластерін дамытуға 1 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгінгі есепті кездесуде белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы агломерациясындағы тау кластерін дамыту бойынша француз және австрия сарапшыларымен шеберлік жоспары құрылды. Жобаны жүзеге асыру арқасында 1 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуға болады. 200 шақырым шаңғы жолы, аталған нысандарда 50 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын, жақын салаларда қосымша 45 мың жұмыс орнын ашуға болады. Әлемде жаңадан ашылған әрбір оныншы жұмыс орны туристік салада ашылады», - деді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, 2025 жылға таман Алматының туризм саласының жалпы аймақтық өнім көрсеткішін 6 пайызға жеткізу ойда бар.

Соңғы жаңалықтар