Алматы 2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізуге лайықты үміткер - А.Жуков

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы 2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізуге лайықты үміткер. Бұл туралы РФ ҰОК төрағасы Александр Жуков айтты.

"Біз Қазақстан үкіметінің көрсетіп жатқан қолдауына өте ризамыз. Кешелі бері лауазымды тұлғалармен, қала әкімімен кездестік. Олардың тарапынан жақсы дайындықты байқадық. Бағалау комитеті өтінімді мұқият қарап шықты. Негізінен олимпиада нысандарының кейін бос қалмауын қадағаладық. Алматы 2020 олимпиада күн тәртібін тыңғылықты ұстануға тырысқан. Алматы 2022 жылы қысқы олимпиаданы өткізуге білікті үміткер", - деді А.Жуков.

Оның айтуынша, бағалау комитеті Алматының тұжырымдамасын өте жақсы қабылдады. Тек болмашы ескертулер болмаса, өзгеріс енгізілген жоқ.

ХОК өкілі Көкжайлауда ешқандай жұмыстар жүргізілмейтінін атап өтті.

Оның айтуынша, бағалау комитетінің қорытынды есебі 1 маусымда жарияланады.

"Күн тәртібіне сәйкес, қорытынды есеп 1 маусымда жарияланады. Оған дейін 24-28 наурыз аралығында бағалау комитеті Бейжің қаласының мүмкіндігін сынап көрмек", - деді А.Жуков.

ХОК президенті жеңімпаздың аты жарияланған конвертті 31 шілдеде Куала-Лумпурда ашады.

Соңғы жаңалықтар