Алматы-2022: Үш мыңға жуық дәрігер спорттық медицинаны кәсіби тұрғыда меңгерген - Алматы әкімінің орынбасары

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Олимпиада қонақтарына медициналық мекемелерде әлемдік деңгейдегі медициналық көмек көрсетіледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова айтты.

«Қонақтар әлемдік деңгейдегі медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі. Оларға президенттік клиника қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, қаламыздағы барлық ірі емханалар дайын. Қосымша шетелден дәрігерлер шақыртылып, ерікті ретінде медициналық ЖОО студенттері жұмылдырылады.

Қалада 3 мыңға жуық дәрігер спорт медицинасы саласын кәсіби тұрғыда меңгерген», - деді З.Аманжолова.

Айта кету керек, өтінім беруші тараптан 30 баяндамашы ХОК өкілдеріне медициналық қамтамасыз ету, антидопинг, қауіпсіздік, қоғамдық қолдау мәселелері бойынша баяндама жасады.

Қала әкімінің орынбасары қауіпсіздік шаралары үшін жауап беретін мекемелердің қызметкерлері Олимпиада өткізген елдердің тәжірибесінен үйреніп жатқандығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар