Алматы-2022 Олимпиада ойындары: Сарапшылар қандай нысандардың реконструкциялаудан өтетінін атап өтті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы-2022 Олимпиада ойындары барысында қандай спорттық нысандардың қайта жаңғыртылатыны белгілі болды.

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз брифингі барысында Ұлттық Олимпиада Комитеті атқарушы кеңесінің мүшесі Андрей Крюков мәлімдеді.Оның айтуынша, қалада 6 жаңа нысан салынып, бірнеше кешен реконструкциялаудан өтеді. «Қажетті 14 нысанның 8-і дайын. Жұмыс істеп тұр. Оның ішінде шаңғы трамплины мен биатлон стадионынан басқа бәрі халықаралық Олимпиада комитетінің талаптарына сәйкес реконструкциялаудан өтеді. Бұған бүгін келген Халықаралық Олимпиада Комитетінің бағалау комиссиясы көз жеткізді», - деді ол. Белгілі болғандай, Медеу, Шымбұлақ, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы қайта жаңғыртылады. Халықаралық талаптарға сәйкес Медеу мұз айдынының төбесі жабылып, қасынан төбесі ашық кішірек мұз айдыны салынады. Сондай-ақ, қаланың батысында 12 мың және 3 мың орындық 2 стадион салынып жатыр. Ал, Олимпиада концепциясында ол керлинг стадионы болып белгіленген. Сонымен қатар, бүгін ХОК мүшелеріне көрсетілген бірнеше шаңғы курорттары қайта жаңғыртылады. «Жаңа нысандардың ішінде тек шана-бобслей трассасы салынады. Ол 12 мың адам сыятын төбесі жабық көп функционалды нысан болмақ. Олимпиада ауылы Халықаралық бокс академиясының жанынан салынады. Ол 2 бөліктен құралған. Біріншісі бізде Олимпиада өте ме жоқ па, оған қарамастан салынады. Екіншісі Олимпиада өткізілмесе салынбайды», - деп қорытындылады Андрей Крюков.

Соңғы жаңалықтар