«Алматы-2022» Қысқы Олимпиада ойындарының бюджеті алдыңғы олимпиадалардан бірнеше есе үнемді болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы-2022» Қысқы Олимпиада ойындарының бюджеті алдыңғы олимпиадалардан бірнеше есе үнемді болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз брифингі барысында Ұлттық Олимпиада Комитеті атқарушы кеңесінің мүшесі Андрей Крюков мәлімдеді.

«Біздің бюджет тиімді есептеулерге негізделетін болады. Біз осыған дейін өткізілген 4 қысқы олимпиада ойындарының бюджетінен бірнеше есе аз қаржыны талап ететін концепция ұсынып отырмыз. Бөлінетін қаржы алдыңғы жоспарлаған сомадан да аз екендігін атап өтсем болады. Өйткені, біздің концепция қалада бар, жұмыс жасап тұрған нысандарға негізделген. Бізге қала тұрғызып керек емес. Сондықтан, шығын аз», - деді А.Крюков.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Алматыда өтетін Олимпиада ойындарында 20 мың ерікті қызмет ететін болады.

«Алматы концепциясының радиусы небәрі 30 шақырымды қамтиды. Бұған дейін өткізілген Олимпиада ойындарын қарасақ, ол жақта логистикалық тұрғыдан да қаржы көп жұмсалды. Өйткені, нысандар арасындағы қашықтық үлкен рөл ойнайды», - деп қорытындылады А.Крюков.

Сарапшының айтуынша, мұндай ерекшеліктер Олимпиада ойындарының күн тәртібіне әбден сәйкес келеді.

Соңғы жаңалықтар