Алматы 2019 жылы өтетін Халықаралық шаңғы чемпионатын өткізуге үміткер атанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы 2019 жылы өтетін Халықаралық шаңғы чемпионатын өткізуге үміткер атанды. Бұл туралы Барселонада өткен халықаралық шаңғы федерациясының (ФИС) 49-шы конгресі барысында мәлім болды, деп хабарлады «Универсиада Алматы 2017» атқарушы дирекциясының баспасөз хатшысы Нұрлан Түсіпов.

Қаланың қатысуы туралы өтінішті «Универсиада Алматы 2017» атқарушы дирекциясы мен қала әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова бастаған «Қазақстанның шаңғы спорты қауымдастығы» өтініш комитеті ұсынды.

«Көрме 3 күн бойы жалғасады. 5 маусымда кеңес жеңімпаз қаланы анықтайтын болады. Бағдарламада трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысынан, шаңғымен жүгіру түрлері бойынша жарыстар қарастырылған. Өтініш білдірген қалалардың ішінде Германияның Оберстдорф, Словенияның Планица, Австрияның Сифилд қалалары бар», - деді Н. Түсіпов.

Соңғы жаңалықтар